Выйти
RU

Алматыда 97 жастағы әжейдің өліміне коронавирус себеп болмаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін оңтүстік астанада 97 жастағы науқастың вирустан қайтыс болғанын жазғанбыз. Алайда, кейіннен денсаулық сақтау министрлігі оның өліміне коронавирус себеп болмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Coronavirus2020.kz сайты мәлім еткендей, бұған дейін науқастың өлімі ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи салдардан орын алғаны хабарланды.

Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды.

Осыған байланысты Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім жағдайын коронавирустың салдарынан болды деп есептемеуге шешім қабылдады.

Осылайша, әзірге елімізде коронавирус инфекциясынан 25 адамның көз жұмғаны нақтыланды.

Айта кетейік, қайтыс болған науқас вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандықтан, провизорлық стационарда жатқызылған еді.

Оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Өткізілген терапияға қарамастан, әйелдің жағдайы нашарлап, полиоргандық жетіспеушілік белгілері байқалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 97 жастағы әжейдің өліміне коронавирус себеп болмаған