Выйти
RU

42500 теңге неліктен кешіктіріліп түсіп жатыр: Вице-министр пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені төлеу барысында не үшін іркіліс болатындығын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы вице-министр Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Өтінімнің кезеңдердің бірінде тұрып қалуы мәселесі толықтай шешілді. Бұған қатысты сұрақтың аз екендігін көріп тұрмын. Әрбір жағдайды қайта тексеріп шығамыз", - деді ол.

Мұқышев осы ретте бірнеше мәселеге жеке-жеке тоқталды.

Біріншісі - төлем тағайындалғанына бір аптадан астам уақыт өткенімен, қаражат көмек алушының есепшотына түспеуі.

"Осыған дейін айтқанымдай, ақша іс жүзінде бір күннің ішінде жіберіледі. Алайда, есепшот қате көрсетілген жайттар болып тұрады. Көпшілігі: "мен барлығын дұрыс көрсеттім" дейді. Бірақ ақша жіберілгеннен кейін банк кері қайтарып жіберген немесе өзіміз байқап қалған шамамен 930 мың өтінім есепшоты қате (20 символдан аз және т.б.) көрсетілген. Сонымен, не себепті кешіктірілу орын алады? Процесс төмендегідей:

1) Біз ақшаны сіздің банктегі есепшотыңызға (1 күн) аударамыз.

2) Банк тексеріп, есепшот қате болғанда ақшаны кері қайтарады (1 күн).

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

3) Біз өзіміздің базамыздан ақшаны аудару үшін өтінім берушінің басқа қолданыстағы есепшотын іздейміз. Мысалы, сіз басқа төлем алуыңыз мүмкін. Мұны сізді барынша мазаламау үшін жасаймыз. Шамамен 900 мыңын таптық (1 күн).

4) Егер тапсақ, ақшаны қайта жібереміз (1 күн). Кейде азаматтардың басқа есепшотқа түсті деуінің себебі осында. Ақша жоқ деп айтпастан бұрын барлық есепшоттарыңызды тексеріп алуды өтінемін.

5) Егер таппасақ, хабарламада жібереміз (кеше мұндай 28 мың СМС жібердік). Оған жауап ретінде есепшот нөмірін жіберу қажет (1 күн).

Бұдан әрі сіздің есепшотты қашан бергеніңізге байланысты. Өздеріңіз көріп отырғандай, процесс бір күннен көп уақытты алады. Бірақ, бұл төлем аударуда проблема орын алған жайттарда ғана", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңге неліктен кешіктіріліп түсіп жатыр: Вице-министр пікір білдірді