Выйти
RU

Ақтөбелік полицей жағдайы нашар отбасының пәтер ақысын төлеп берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде үй иесі пәтер ақысын төлемегені үшін екі кішкентай баласы бар отбасын баспанадан шығармақ болған. Алайда, оларды үйден шығаруға келген учаскелік полицей пәтердің бір айлық ақысын өз қалтасынан төлеп берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақтияр Жақыпов. Фото: Instagram.com / club_dobryakov_almaty

Бақтияр Жақыпов. Фото: Instagram.com / club_dobryakov_almaty

Тәртіп сақшысының игілікке толы іс-әрекеті жайында club_dobryakov_almaty Instagram парақшасы мәлім етті.

Дереккөздің ақпарынша, 23 сәуірде Ақтөбенің Чекалина көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде дау туындаған. Баспананы жалдап тұратын отбасының пәтер ақысын төлеуге ақшасы болмай қалған.

Ақыры пәтер иесі мен оны жалға алушылар мәмілеге келе алмай, үйдің қожайыны баспананы босатуды талап еткен. Ал пәтерді жалдап тұрған отбасының екі баласы бар, біреуі – төрт айлық.

Үйдің қожайыны тұрғындарды пәтерден шығару үшін учаскелік полицей – Бақтияр Жақыповты шақырыпты.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшысы мән-жайды білген соң, тұрғындарды шығаруға құлық танытпаған. Керісінше, бір айлық пәтер ақысын өз қалтасынан төлеп, екі балалы отбасыға үйде тағы бір ай тұруға мүмкіндік берген екен.

"Қолында баласы бар әйел баратын жері жоқ екенін айтты. Ақшасы да жоқ. Қожайындары пәтерді екі сағаттың ішінде босатуды талап етті. Отбасының тағы бір ай тұруы үшін пәтер ақысын өз қалтамнан бердім", – дейді учаскелік полицей.

Тәртіп сақшысының бұл әрекеті желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Барлығы оған жаппай ризашылығын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

Бақтиярдың өзі журналистерге сұхбат беруден бас тартыпты. Ол жасаған ісінің арқасында танымал болуды көздемейтін көренеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбелік полицей жағдайы нашар отбасының пәтер ақысын төлеп берді