Выйти
RU

Тағы 24 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 24 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2717-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"26 сәуірдің 23:10 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қызылорда облысында - 2 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 адамнан, Қарағанды облысында - 7 адамнан, Түркістан облысында - 1 адамнан, Атырау облысында - 1 адамнан, Алматы қаласында - 1 адамнан, Ақтөбе облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 498,

Алматы қаласында – 847,

Шымкент қаласында – 167,

Ақмола облысында – 93,

Ақтөбе облысында – 57,

Алматы облысында – 97,

Атырау облысында – 119,

Шығыс Қазақстан облысында – 16,

Жамбыл облысында – 104,

Батыс Қазақстан облысында – 116,

Қарағанды облысында – 120,

Қостанай облысында – 43,

Қызылорда облысында – 179,

Маңғыстау облысында – 27,

Павлодар облысында – 95,

Солтүстік Қазақстан облысында – 30,

Түркістан облысында – 109, барлығы 2717 адам тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 24 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жетті