Выйти
RU

Ухань ауруханаларында коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас қалған жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфекциясының ошағына айналған Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында COVID-19 диагнозы расталған бірде-бір науқас қалған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет өкілі Ми Фэн мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Ухань ауруханаларында коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас қалған жоқ

Көрнекі фото: pixabay.com

"Ухань дәрігерлерінің ортақ күші мен елде көмектескен барлық медициналық қызметкерлердің арқасында 26 сәуір күні Ухань ауруханаларында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас қалған жоқ", - деді өкіл.

Осыған дейін 25 сәуірдегі статистиканы ұсынған комитет эпиедмия басталғалы бері Хубэй провинциясында 68 128 жағдай (50 333-Ухань қаласында) тіркелгенін, оның ішінде 63 604 адам жазылып, 4512 адам (3869- Уханьда) қайтыс болғанын хабарлады.

Айта кетейік, әлемдегі COVID-19 инфекциясының таралу жағдайын ресми деректерге сүйене отырып, бақылайтын онлайн ресурстың деректеріне сенсек, 27 сәуір күнгі ақпарат бойынша коронавирус инфекциясы анықталған адамдар саны 2 992 501-ге дейін өскен, ал вирустан қайтыс болғандар саны 206 мыңнан асқан.

Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ауру жұқтыру мен өлім-жітімнің ең көбі әдеттегідей АҚШ-та тіркеліп отыр. Онда 26-сынан 27 сәуірге дейін вирустан 2 мыңнан аса адам ажал құшқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ухань ауруханаларында коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас қалған жоқ