Выйти
RU

Бүгін Тоқаев коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мәлімдеме жасап, карантин шаралары жайлы айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мемлекет басшысы мәлімдеме жасайды

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы президент өз Twitter парақшасында жазды.

"Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі", - деп жазды мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуір күні еліміздегі Төтенше жағдайды сәуір соңына дейін ұзартылатынын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жеткен. Олардың 682-і ауруынан айықса, 25 -і қайтыс болды.

Ал COVID-19 инфекциясының таралу жағдайын ресми деректерге сүйене отырып бақылайтын онлайн ресурстың мәліметтеріне сенсек, дүние жүзінде коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 2 992 501-ге дейін өскен, ал вирустан қайтыс болғандар 206 мыңнан асқан.

Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ауру жұқтыру мен өлім-жітімнің ең көбі әдеттегідей АҚШ-та тіркеліп отыр. Онда 26-сынан 27 сәуірге дейін вирустан 2 мыңнан аса адам ажал құшқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бүгін Тоқаев коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасайды