Выйти
RU

Түркістан облысында маскасыз жүрген адамды тоқтатқан полицейлер жарақат алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Кентау қаласының полиция қызметкерлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Белгілі болғандай Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан.

Олар тәртіп бұзушыға полиция бөліміне баруын сұраған. Алайда ер азамат билік өкілдерінің талаптарына бағынбай, күш қолданған. Салдарынан полиция қызметкерлері дене жарақатын алған.

Осыдан кейін оқиға орнына Кентау қалалық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы аттанып, күдіктіні ұстаған.

Ведомство мәліметінше, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 380 бабы 1 бөлігі ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Айта кетейік, елдегі Төтенше жағдай кезінде бұл тұрғындардың тарапынан полицейлерге бағынбаудың алғашқы дерегі емес. Мәселен жауырда Жетісайда көлік жүргізушісі екі полиция қызметкерін қағып, үшіншісін сүйрей өткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында маскасыз жүрген адамды тоқтатқан полицейлер жарақат алды