Выйти
RU

Сауд Арабиясында кәмелеттік жасқа толмағандар өлім жазасына кесілмейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер өлім жазасына кесілмейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауд Арабиясында кәмелеттік жасқа толмағандар өлім жазасына кесілмейтін болды

Фото : golosislama.com

Король Салман ибн Абдул-Азиз Аль Саудтың қаулысына сәйкес, 18-ге толмаған қылмыскерлерге көп дегенде 10 жылға бас бостандығынан айыру қылмыстық жазасы бекітілді.

Бұл лаңкестікке қатысы бар қылмыстық істерге де байланысты болмақ.

Осылайша, жасөспірім қылмыскерлер өлім жазасына кесілмейді. Бұл шара абақтыға жабумен алмастырылады.

Осыған дейін Reprive құқық қорғау ұйымы Сауд Арабиясында 800 адам өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Оның мәліметінше, түрмеде өлім жазасына кесу үкімін аз дегенде 13 кәмелеттік жасқа толмаған сотталушы күткен.

Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы коронавирус үшін Иранды айыптағанын хабарлаған едік.

"Осылайша Иран коронавирус жұқтыру жағдайы, оның әлемге таралуы және адамдар өміріне қауіп тудырғаны, осы аурумен күресу жөніндегі халықаралық күш-жігерге зиян келтіргені үшін тікелей жауапкершілік алады", - деді саудиялық билік өкілі.

Соңғы мәліметтерге сәйкес әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны үш миллионға жуықтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауд Арабиясында кәмелеттік жасқа толмағандар өлім жазасына кесілмейтін болды