Выйти
RU

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі ауруханаға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов ауруханаға түсті. Дәрігерлер жаттықтырушыға пневмония диагнозын қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Бұл туралы Хабибтің әкесінің досы Рамазан Рабаданов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Абдулманап Магомедович ауырып қалды. Мен саябақты толық дайындауға аз қалдым, қоқыстарды шығардым, жаңа ағаштар аллеясын отырғыздым, жол бойына әдемі орындықтар қойдым, ал кеше саябаққа келгені жоқ. Пневмония менің досымды есеңгіретпейді деп ойлаймын және ол қайтадан саябаққа келеді деп үміттенемін", - деді ол.

Lenta.ru-дың мәліметінше, Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде аралас жекпе-жек ардагері Олег Тактаров Абдулманап Нурмагомедовтың қазіргі жағдайын айтқан.

52 жастағы бұрынғы спортшы Нурмагомедовтың командасымен сөйлескенін жанкүйерлеріне жеткізді.

"Абдулманаптың жағдайы тұрақты. Онда барлығы дұрыс болуы керек", - деді ол.

25 сәуір күні Тактаров Хабибтың әкесіне зор денсаулық тілеп, оған хабарласатынын жеткізген еді.

Айта кетейік, сәуір айының басында UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов коронавирус пандемиясына байланысты Тони Фергюссонға қарсы кездесудің болмайтынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі ауруханаға түсіп қалды