Выйти
RU

Ресейлік ғалым: 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік Гидромет орталығының ғылыми жетекшісі 2020 жыл ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

2020 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болады – ғалымдар

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін америкалық Мұхит және атмосфераны зерттеу бойынша ұлттық басқармасы (NOAA) 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болады деп хабарлаған болатын.

"Климатологтар алда келер әрбір бесжылдық кезең рекордтық болады деп мәлімдейді. Бесжылдық кезеңдегі орташа температура бұрынғыға қарағанда жоғары болады. Бес жыл қатарынан температура көтеріліп келеді. Бұл жаһандық жылынудың сипаты және ол атмосферадағы парниктік газдардың тұрақты өсуімен тікелей байланысты.
Биыл рекордтық көрсеткіш болмауы да мүмкін, алайда температура дәрежесінде екінші немесе үшінші орынға тұрақтауы тиіс... Не десек те, жоғары температура болатыны сөзсіз. Ағымдағы жылдың ең ыстық бес жылдың қатарына қосылуы 99% ықтимал", – дейді Ресейлік Гидромет орталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде, атап айтсақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында ауа райы бұзылуы мүмкін екенін хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейлік ғалым: 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жылдардың бірі болуы мүмкін