Выйти
RU

Еліміздің бес облысында ауа райы бұзылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның бірнеше өңірінде, яғни, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күн райы бұзылуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарна мәліметінше, аталған аймақтарда тұман түсіп, күн күркірейді.

Синоптиктер кейбір өңірлерде жел тұрып, ұйытқуы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін деп болжайды.

"Әсіресе, Қызылорда облысында қолайсыз ауа райы сәрсенбіге дейін сақталады", - дейді мамандар.

Жел күші секундына 23 шақырым құрайтыны жайында да мәлімет бар.

Еске сала кетейік, жақында сәуірдің соңы мен мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Соған сәйкес, көктемнің соңғы айында елдің оңтүстік-батыс жартысында күн жылы, жауын-шашын аз түседі. Ал солтүстік-шығыс бөлігінде, керісінше, күн салқын әрі жауын-шашын норма шамасында немесе одан көп болады деп күтілуде. Сонымен қатар, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.

"Ауа температурасының жоғарылауына байланысты тауларда қар ериді деп болжануда. Бұл Алматы облысында қар көшкінінің жүруіне әкеп соғуы мүмкін", – деп ескертті "Қазгидромет" РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің бес облысында ауа райы бұзылуы мүмкін