Выйти
RU

Елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы мемлекет басшысының мәлімдемесінен белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еліміздегі Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым.
Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы.
Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады.
Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ.
Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.
Алдымен, вирустың таралуын қатаң бақылауда ұстап отырған облыстар мен қалалардан бастауға болады.
Мемлекеттік комиссияға елорданың үлгісімен еліміздің барлық аймағында өз жұмыстарына кірісетін мекемелердің тізімін жасау тапсырылды.
Бірінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары, құрылыс, жол құрылысы және көлік компаниялары, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысқа кірісуі керек.
Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтап, жұмыс орындарында үнемі дезинфекция жүргізіп тұру қажет. Күнделікті өмірде әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн. Кәсіпорын басшыларына және жергілікті атқару органдарына жеке жауапкершілік жүктеледі. Бұл орайда барлық деңгейдегі әкімдіктердің рөлі айтарлықтай артады", - деді Қасым- Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, президенттің еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үндеуінің мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды