Выйти
RU

1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстері ашылатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды.
Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.
Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет.
Барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды", - деді президент

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 сәуірде жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

Айта кетейік, президенттің төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады