Выйти
RU

Елімізде ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар әзірге жабық болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды. Осыған байланысты, ойын-сауық және сауда орталықтары мен адам көп жиылатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Бұл туралы мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елімізде ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар әзірге жабық болады

Көрнекі фото: pixabay.com

"Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн.
Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді.
Ел тұрғындарын бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Халқымызда "Төзім тілекке жеткізеді" деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық", - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, күннің жылынуы мен карантиннен шаршағандық жауапсыздыққа себеп болмауға тиіс. Карантин режимі бұзылса, коронавирусқа шалдыққандардың саны күрт көбейіп кетуі мүмкін.

"Әсіресе, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Тіпті, кішкентай балалар да ауру жұқтыруы мүмкін екенін байқадық. Сондықтан, олардың денсаулығына бей-жай қарауға болмайды. Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрлар әзірге жабық болады