Выйти
RU

Мемлекет басшысы: Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа мәлімдемесінде Қазақстан коронавирус індетінің шарықтау шегінен өтпегенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Қол жеткізген нәтижемен шектелуге болмайды. Қалыптасқан ахуал әлі де күрделі. Коронавирус бүкіл әлемді жайлап келеді. Вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтады. Бұл көрсеткіш өсіп бара жатыр. Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал. Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар", - деді президент.

Мемлекет басшысы кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп екенін жеткізді.

"Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек.
Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Онсыз болмайды. Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін.
Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз.
Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы індет.
Мұны бүкіл әлем мойындап отыр.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Ал, оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, президенттің төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мемлекет басшысы: Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ