Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткен пияздың көмегімен коронавирустан қорғанған анасын "жұлдыз" қылды

Опубликовано:

Тэмми Осени коронавирустан пияздың көмегімен қорғанып жүрген анасын фотоға түсіріп, желіге салған. Әйел адамның іс-әрекетін күлкіге айналдырмақ болған ару кенеттен оны танымал етіп жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Коронавирусты пиязбен қуған
Фото: © Twitter / Daniel, maryam., HUNNY.MIMS: UGC

Twitter желісінде ayylmao атымен танылған ару желіге жерде жатқан пияздың суретін салып, астына: Менің анам әр бөлмеге бір пияздан қойып қойды. Себебі оған WhatsApp қолданушылары сондай кеңес берген. Күлкім келіп тұр", - деген жазба қалдырды.

Фото 244 мың лүпіл жинады, ал 48,5 мың адам жазбаны өзіне сақтап алды.

Соған қарағанда тек Тэммидің анасы ғана түрлі чаттарда отырмаған секілді. Себебі желі қолданушылары пиязбен түскен суреттерін жариялап, оны тіпті, флешмобқа айналдырып жіберді.

Коронавирусты пиязбен қуған
Фото: © Twitter / real g.: UGC

Оқырмандардың арасында арудың анасы пиязды не үшін жерге қойып жүргенін түсінбегендер болды. Алайда өзге қолданушылар оларға көкеністің вирусқа қарсы тұра алатынын айтып, түсіндірді.

Десе де, Fourthings атты қолданушы пияз суықтан қорғай алғанымен, коронавирустан қорғай алмайтынын алға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, ғалымдардың коронавирусты емдеудің жаңа әдісін ойлап тапқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853073-bojzetken-piazdy-kmegimen-koronavirustan-korgangan-anasyn-zldyz-kyldy/

pixel