Выйти
RU

Президент елімізде ауқымды өзгерістер болатынын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қазірден бастап дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындалу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды. Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады", - деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, дағдарыстан кейін экономикада ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесінде де ауқымды өзгерістер жасау қажет.  

"Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр. Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз. Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өтті.

"Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін.
Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымынаалғыс айтамын. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, президенттің төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент елімізде ауқымды өзгерістер болатынын мәлімдеді