Выйти
RU

"Ерлік жасадым деп ойламаймын": Бір отбасының пәтер ақысын төлеген полицейдің жалақысы қанша

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қиын жағдайда қалған отбасыға қалтасындағы ақшасын санап берген ақтөбелік тәртіп сақшысы жағдайды өз аузымен баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақтияр Жақыпов. Фото: жеке мұрағатынан, Instagram.com / club_dobryakov_almaty

Бақтияр Жақыпов. Фото: жеке мұрағатынан, Instagram.com / club_dobryakov_almaty

Учаскелік полиция қызметкері Бақтияр Жақыповтың өзі үш баланың әкесі. Ішкі істер саласында алты жылдан аса тәжірибесі бар.

"Оқиға 23 сәуір күні болды. Пәтер жалдаушыларға түскен шағым бойынша аталған мекенжайға келдік. Бізді жас жігіт пен қыз бала күтіп алды. Олар ақшасын төлемеген пәтер жалдаушыларды үйден шығарып жіберу керектігін айтты. Сот шешімінсіз ешкімді үйден шығара алмайтынымызды ескерттік. "Үйге кіріп көрейік, мүмкін ішімдікке салынғандар шығар" деп ойладым.
Есікті ашқанда алдымнан 2 жасар қыз жүгіріп шықты. Үйде жас әйел адам және жөргектегі бала ұйықтап жатты. Келіншек кішкентайының 4 айлық нәресте екенін, пәтер ақшасын тауып бере алмай отырғанын қиналып айтты. Пәтер иелеріне 42500 теңге жәрдемақыға өтініш бергенін, сол түскен бойдан пәтердің ақшасын беретінін, басқа баратын жері жоқ екенін түсіндірсе де ол кісілер көнбеді. Екі сағаттың ішінде шығып кетулерін сұрады. Жағдайға бей-жай қарай алмадым. Бір күн бұрын жалақы алған едім. Алланың қалауымен осылай ретін келтірген шығар. Жалақым машинамда тұрған еді. Қалтамнан келіншектің пәтер ақысын төлеп бергенім рас", – дейді тәртіп сақшысы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алты жылдан аса уақыт учаскелік полиция қызметкері болып жүрген Бақтияр Жақыповтың 150 мың теңге жалақы алатынын білдік. Ата-анасымен бірге тұрады.

"Айта кетейін, мен өзімді ерлік жасадым деп ойламаймын. Кез келген қазақ азаматы айналып өтпейтін көмекті біз де қолымыздан келгенше жасадық. Және бұл біз жасап жүрген бірінші жағдай емес. Тек осыған дейін ешкім интернетке жазып шулатқан емес. Полиция қызметкерлері туралы көп адам жақсы айтпайды. Артық ештеңе айтқым келмейді. Бірақ мамандығымыз оңай емес. Әріптестерімнің көбісі қазақтың балалары. Заң аясында болса бәрі де көмектесіп жатады", – дейді ол.

Тәртіп сақшысы үй иесімен сөзге келіп қалған келіншектің басқа пәтерге көшірілгенін хабарлады.

Еске сала кетсек, Ақтөбелік полицейдің жағдайы нашар отбасының пәтер ақысын төлеп беріп, игілікті іс жасағанын бұған дейін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ерлік жасадым деп ойламаймын": Бір отбасының пәтер ақысын төлеген полицейдің жалақысы қанша