Выйти
RU

Балконда кәуап пісірген павлодарлық азамат ұсталды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Балконда тұрып кәуәп жасаған павлодар тұрғыны жазаға тартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балконда кәуәп пісірген павлодарлық

Фото: Видодан кадр

Polisia.kz атап өткендей, ер адам төтенше жағдай режимі кезінде балконда пикник ұйымдастырып, кәуәп қуырғаны бейнеленген видеосын жүктеген.

Учаскелік полиция инспекторлары тәртіп бұзушыны ұстады.

Ер адам өзінің және басқа тұрғындардың басын қатерге тіккен. Павлодар қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тәртіп бұзушыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпай, өзіне және өзгелерге қауіп төндірмеуді сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, карантинге жабылған үйден қашпақ болған отбасының ұсталғаны туралы жазған едік.

Белгілі болғандай, М.Жүсіп/61 көшесінің бойында үш адамнан тұратын отбасы карантин енгізілген үйдің төбесінен қашып кетуге тырысты. Ер адам кәмелетке толмаған қызын қолына көтеріп алған. Қашу әрекеті куәгердің видеокамерасына түсіп қалған.

Карантин, төтенше жағдай режимін және басқа да міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін тртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша іс қозғалды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балконда кәуап пісірген павлодарлық азамат ұсталды (видео)