Выйти
RU

87 мың: Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша Қытай Халық Республикасын басып озды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

87 мың: Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды

Көрнекі фото: centralasaia.media

Cоңғы тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 6198 дерегі тіркеліп, 47 науқас қайтыс болды. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб мәлімдеді.

Осылайша, Ресей Қытайды коронавирус жұқтырғандар саны бойынша басып озды. РФ-да COVID-19 инфекциясын 87174 адам жұқтырды, олардың 794-і қаза тауып, 7346-сы жазылды. Ал Қытайда коронавирусқа 83,9 мың адам шалдығып, 4512-сі қайтыс болды.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясының тарауына байланысты енгізілген ТЖ режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

"Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады",- деді президент.

Әзірге ойын-сауық және сауда орталықтары жабық болады.

Ал 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
87 мың: Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды