Выйти
RU

Алматыда дәрігерлер вирус жұқтырды: Тоқаев жауапты басшыларды табуды тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлерге жауапты шенеуніктерді тауып, себептерін анықтауы керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда.

Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жөн. Онсыз болмайды.

Олай етпесек, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін. Коронавирусқа жеңіл-желпі қарауға болмайды. Карантин талаптарынан бір сәтте бас тартсақ, дертті қайтадан өршітіп аламыз.

Коронавирус – адамның денсаулығына қатер төндіретін өте жұқпалы дерт. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Ал оны жоққа шығарып, жұртқа жалған ақпарат таратудың арты жақсылыққа апармайтыны белгілі. Бұл – азаматтарымыздың денсаулығына нұқсан келтіретін әрекет", - деді ол.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде 15 сәуірде жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Мемлекет басшысының сөзінше, заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда дәрігерлер вирус жұқтырды: Тоқаев жауапты басшыларды табуды тапсырды