Выйти
RU

Мемлекет басшысы: Қазақстан еш нәрсені жасырмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын жалған ақпарат таратпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын",  - деді ел президенті.

Тоқаев мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар барын жасырмады. Алайда, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқарып жатқанын да атап өтті.

"Кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға тағы бір мәрте ризашылығын білдірді.

"Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын", - деді президент.

Айта кетейік, президенттің төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мемлекет басшысы: Қазақстан еш нәрсені жасырмайды