Выйти
RU

Тоқаев: Бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кейбір облыстарында коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлі де бәсеңдемей отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Әрине, барлық облыстағы жағдай бірдей емес. Кейбір аймақтарда індет шарықтау шегінен өткен сияқты. Бірақ бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр.
Біз ондағы нақты санитарлық ахуалға қарай әрекет жасаймыз. Басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатыр", - деді мемлекет басшысы.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 2791-ге жетті. Оның 682-сі қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.

Еске сала кетейік, пандемияға байланысты елімізде 15 сәуірде жарияланған Төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.

Мемлекет басшысының сөзінше, заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады. Сонымен қатар Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия карантин талаптарын жеңілдетуге дайын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Бірқатар өңірде вирустың таралу қаупі әлі де сейілмей отыр