Выйти
RU

Жамбыл облысында коронавируспен ауырған дәрігер жағдайды баяндап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін стационардағы коронавирустан емделу жағдайы туралы даулы мәлімдеме жасаған Жамбыл облысының жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігері Толқынай Ордабаева ауруханадан шығып, үй карантинінде жатыр. Енді ол қазіргі жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Толқынай Ордабаева. Фото: facebook.com/tolkinai.ordabaeva және видеодан кадр

Толқынай Ордабаева. Фото: facebook.com/tolkinai.ordabaeva және видеодан кадр

Маман Тараз қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының стационарында карантин жағдайында 17 күн бойы ем алғанын жеткізді.

Айтуынша, дәрігерлер оларға екі препарат жазып берген, оның біреуі – антибиотик. Алайда, "Алувиа" препаратын қабылдағаннан кейін көптеген жанама әсерлер пайда болған.

"Менде және жанымдағы дәрігерде іш өту, тершеңдік, бас ауруы, діріл, меноррагия, қант деңгейінің көтерілуі байқалды. Өйткені "Алувиа" бауыр мен ұйқы безіне әсер етеді. Сол себепті қандағы қант деңгейі төмендемейді.

"Алувиа" ағзадан 10-16 күн ішінде шығады. Қазіргі жағдайымның осындай болуы да содан. Қазір үйде болсам да, әлі күнге дейін оның жанама әсерлерін сезіп жатырмын.

Бетіме бөртпе шығып кеткендіктен маска киіп алдым. Басым айналып, қанымда қант деңгейінің көтерілгені байқалады.

Одан бөлек, ауруханадан шығар алдында екі тест өткіздік, 16 және 17-күндері ПЦР мазок алды. Олар теріс нәтиже көрсетті. Өкпелерді компьютерлік томографияға түсірді – олар таза болып шықты", – дейді Толқынай Ордабаева.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында дәрігер аурудың алғашқы белгілері 2 сәуірде пайда болғанын айтып берді.

Ертесіне дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырған.

Алғашында оған "Ангина" диагнозы қойылады. 4 сәуірде ерніне ұшық шыққан.

6 сәуірге дейін коронавирусқа шалдыққанын білмей, жұмысқа барып жүріп, өз бетімен "парацетомол" және антибиотиктермен емделген.

6 сәуір күні алынған сынамалар оның ағзасында коронавирус барын көрсеткен, келесі күні ол ауруханаға жеткізілді.

Ауруханада рентгеннен пневмония бары анықталады. Түнде демікпе пайда болып, өкпесі ауыра бастаған, дене қызуы 37,5 градусқа көтеріліп, "Алувиа" дәрісінен жоғарыда аталған жанама әсерлер пайда болған.

10 сәуірде тамағы жыбырлап, жөтел пайда болыпты. 12-күннен бастап ол өзін жақсы сезіне бастаған. Ал 21 сәуірден бастап дәрі қабылдауды тоқтатқан, сөйтіп ауруханадан шығарылды.

Толқынайдың пікірінше, коронавирустың тұмаудан ерекшелігі – қатты әлсіздік пайда болуында. Қазір дәрігердің жағдайы жақсарған.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырып алған инфекционист Толқынай Ордабаева өңірдегі коронавируспен күреске қатысты былықты әшкерелеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында коронавируспен ауырған дәрігер жағдайды баяндап берді