Выйти
RU

СҚО-да ауыл тұрғыны пышақ пен "зажигалканы" жұтып қойды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында от тұтандырғыш пен жиналмалы пышақты жұтып қойған ер адамға ота жасалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның солтүстігінде ауыл тұрғыны пышақ пен от тұтандырғышты жұтып қойды (фото)

Фото: Sputnik/СҚО аудандық ауруханасы

Заттар науқастың ішек қуысынан алынды. Жедел операцияны Уәлиханов ауданының тұрғыны 26 сәуір күні жексенбіде жасады деп жазады Spurnik Kazakhstan.

Аурухана ақпаратынша, ер адам бұл заттарды эмоционалды күйзеліс кезінде жұтып қойған. Басылымның мәліметінше, отаны санитарлық авиация саласы бойынша көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері жүргізді.

Дәрігерлердің айтуынша, отадан кейінгі науқастың жағдайы жақсы. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлер отаға дейінгі ер адамның ағзасында болған заттардың суретін көрсетті.

Ер адам стандартты өлшемдегі от тұтандырғыш пен одан сәл үлкен пышақты "жұтқан".

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында ағымдағы жылдың сәуір айында пациенттің асқазанынан бөгде заттарды алу бойынша ота жасалды.

Ер адам 100-ден астам бұрандалы шегені жұтып қойған. Анықталғандай, науқас өңір колониясының бірінде жазасын өтеп жүріпті.

Алматыда тағы бір осыған ұқсас оқиға орын алды. Онда дәрігерлер үш жастағы баланың ағзасынан магнитті білезікті алып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
СҚО-да ауыл тұрғыны пышақ пен "зажигалканы" жұтып қойды (фото)