Выйти
RU

Коронавирус: Қазақстанда 820 медицина қызметкері қауіпті дертке шалдыққан

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті қазіргі уақытта 820 медицина қызметкерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді – бұл еліміздегі барлық науқастардың 30 пайызы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, вирус жұқтырған 820 маманның басым бөлігі – кіші және орта медициналық қызметкерлер.

Сондай-ақ ол "қызық" статистиканы келтіріп өтті. Белгілі болғандай, жұқпалы аурулар стационарындағы дәрігерлер басқаларға қарағанда инфекцияны сирек жұқтырады. Жоғары "вирустық жүктеме" артылып, тәулік бойы кезекшілік атқаратындарына қарамастан олардың арасында ауру жұқтыру көрсеткіші төмен.

Бұл жеке қорғаныс құралдарын пайдалану мен "таза" және "лас" болып аурухана ішіндегі аймақтардың дұрыс бөлінуімен байланысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирус инфекциясы 234 дәрігерден анықталғанын хабарлағанбыз.

Оның ішінде орталық қалалық аурухананың 193, қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31, №7 қалалық клиникалық аурухананың 2, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3, №12 қалалық емхананың 3 медицина қызметкері және №11 мен №32 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қазақстанда 820 медицина қызметкері қауіпті дертке шалдыққан