Выйти
RU

Екі жасқа дейінгі балаларға маска тағу керек пе: ДСМ комитеті жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті көшеде медициналық маска тағу, сондай-ақ оны 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану мәселесін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екі жасқа дейінгі балаларға маска тағу керек пе және оларды бос көшеде шешуге бола ма

Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев Денсаулық сақтау министрлігінің барша қазақстандықтарға, жас айырмашығына қарамастан, медициналық маскаларды тағып жүруге кеңес бергенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың халық арасында таралу қаупін азайту үшін көшеде маска тағуды ұсынды. Мәселен, ДДСҰ мәліметтері бойынша, адам әр 3-5 минут сайын бетін ұстайды. Маска бұл әрекетті жасамауға көмектеседі.
  • Аурухана, дәріхана, дүкендер, транспорт секілді жабық үй-жайларда маска тағу - міндетті. Сондай-ақ, масканы вирустық белгілері бар адамның жанында болған кезде кию керек.

Масканы ЖРВИ жұқтырған адам оны өзгелерге таратпау үшін тағу қажет.

Сонымен қатар, жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған кезде, маска сізді инфекциядан құтқармайды - маска тағудан басқа, сіз басқа адамдардан қашықтықты сақтап, қолыңызды жууыңыз міндетті.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық адамдарға, тіпті, 2 жасқа толмағандарға да маскамен жүруге кеңес береді.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі жасқа дейінгі балаларға маска тағу керек пе: ДСМ комитеті жауап берді