Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин уақытында тіс дәрігеріне баруға бола ма

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті карантин режимінде тісі ауырған науқастар не істеу керек екенін түсіндірді. Белгілі болғандай, қазақстандықтар карантин кезінде тіс дәрігеріне бара алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Карантин уақытында тіс дәрігеріне баруға бола ма
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен қазір барлық медициналық ұйымдар карантинге жабылғанын түсіндірді.

Бұл барлық жоспарланған іс-шаралардың уақытша тоқтатылғанын білдіреді, алайда науқастарды шұғыл қабылдау мүмкіндігі бар.

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев: "Медициналық ұйымдарда жедел көмек көрсетуге тыйым салынған жоқ және тыйым салынбайды", - деп атап өтті.

Covid-19-дың Қазақстанда таралуына байланысты тіс емханаларында науқастарды жоспарлы емдеу тоқтатылды, өйткені дәрігер мен пациенттің байланысы тым жақын.

Алайда оларға жедел көмек көрсетуге тыйым салынбаған. Жедел ауырсыну немесе басқа төтенше жағдайлар кезінде сіз кепілдендірілген тегін көмек бойынша медициналық көмек көрсететін және медициналық сақтандыру қорымен келісім-шарт жасасқан тіс дәрігерлеріне хабарласа аласыз.

Сондай-ақ, бүгін денсаулық сақтау министрлігінде 2 жасқа дейінгі балаларға медициналық маска кию керек пе және бос көшелерде масканы шешуге бола ма деген сауалдарға жауап берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853157-karantin-uakytynda-tis-drigerine-baruga-bola-ma/

pixel