Выйти
RU

Алматы мен Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Карантин жағдайларында өңірлерде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларына қатысты премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.

Үкімет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік комиссияның бірқатар шешімдерді қабылдағанын атап өтті:

1. Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;
  • банктер мен қаржы секторының ұйымдары.

Бұдан өзге, ІІ кезең аясында Нұр-Сұлтан қаласында төмендегілердің жұмысы қайта жанданады:

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

  • қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;
  • электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер.

Алматыда мына салалардағы компаниялар жұмысын қайта бастайды:

  • көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;
  • қаржы және сақтандыру секторлары;
  • сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).

2. Облыстардың, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне биылғы 27 сәуірден бастап өңірлік штабтар әзірлеген ережелерге сәйкес аула алаңдары мен саяжай алқаптарының халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.

3. 2020 жылғы 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптарды сақтап, аз жолаушылармен және салонда ерекше қашықтықты сақтау арқылы жүзеге асырылады.

"Әкімдерге қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайлар мен балалардың ауладағы ойын алаңдарын сапалы түрде санитарлық өңдеуге, жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, оған бақылау орнатуға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын", — деді Мамин.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қазақстандықтарды шет елдерден елге жеткізу, ХҚКО-лар жұмысының жаңа форматын енгізу және т. б. мәселелерді қарастырды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

Еске сала кетейік, президенттің төтенше жағдайға байланысты кезекті мәлімдемесінің толық мәтіні жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мен Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмыс істейді