RU

Қызылордада коронавирустан сауығып шыққандардың саны 6-ға жетті

Бүгін Қызылорда облысында тағы 2 науқас коронавирус инфекциясынан айығып шықты.

Қызылордада коронавирустан сауығып кеткендердің саны 6-ға жетті
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері COVID-19 вирусымен тіркелген тағы 2 науқасты емдеп шығарды.

Тексеру кезінде осы 2 емделушіде коронавирус инфекциясы анықталған болатын, осыған сәйкес емдеу шаралары стандарттарға сәйкес жүргізілді.

Бүгін, 2020 жылғы 16 сәуірде барлық емделушіден зертхана талдауы алынды. Талдаулар теріс нәтиже берді. Пациенттердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы 14 күн бойы үйде аймақтық емханалардың бақылауында болады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында COVID-19 жұқпалы індетін жұқтырғандар саны – 131, жазылып шыққандар – 6.

Бүгінгі таңда ең басты денсаулық кепілі карантин режимін және өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдарды сақтау болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1853183-kyzylordada-koronavirustan-sauygyp-sykkandardy-sany-6-ga-zetti.html