RU

Қызылорда облысында 17 адам коронавирустан жазылды

Қызылорда облысында тағы 11 адам COVID-19 пандемиясынан жазылып шықты.

Қызылорда облысында 17 адам коронавирустан жазылды
Фото: pixabay.com: Facebook

Олардың ішінде бесеуі Жаңақорған ауданынан, алтауы Қызылордадан. Осылайша өңірде індеттен жазылып шыққандардың жалпы саны 17-ге жетті.

Бүгін, 2020 жылғы 17 сәуірде барлық емделушіден зертхана талдауы алынды. Талдаулар теріс нәтиже берді. Пациенттердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы 14 күн бойы үйде аймақтық емханалардың бақылауында болады.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында COVID-19 жұқпалы індетін жұқтырғандар саны – 143, жазылып шыққандар – 17.

Көптеген жағдайларда ауру жеңіл ағыммен сипатталады және асқынулар болса да, сауығумен аяқталады. Мамандар мынадай ережелерді сақтауға шақырады: үнемі қолды жуу және құрамында спирт бар заттармен өңдеу, респираторлық гигиена ережелерін, сондай-ақ қоғамдық орындарда қашықтықты сақтау. Алайда, бүгінгі таңда ең басты денсаулық кепілі карантин режимін сақтау, өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдарды сақтау болып табылады.

Билік сондай-ақ мемлекеттік органдар мен БАҚ-ның ресми сайттарында жарияланатын ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1853184-kyzylorda-oblysynda-17-adam-koronavirustan-zazyldy.html