Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер ашылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда карантин шараларын жеңілдету аясында жекелеген кәсіпорындардың жұмысын жандандыру жөнінде шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: merey.kz

Фото: merey.kz

Осылайша, шектеу шараларын жеңілдетудің екінші кезеңі аясында Нұр-Сұлтанда қаржы және сақтандыру секторлары ұйымдарының, электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендердің жұмысын бастайтыны белгілі болды.

Елорданың атқарушы органы мәлім еткендей, ірі дүкендерге аумағы екі мың шаршы метрден асатын сауда орындары жатады.

Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымдарының, сақтандыру саласындағы кәсіпорындардың, риэлтерлік компаниялардың, жылжымайтын мүлікті бағалау агенттіктері мен зоодүкендердің жұмысы жанданады.

Айта кететін жайт, аталған барлық орындарда санитарлық талаптар сақталуы тиіс.

Сонымен қатар, кинотеатрлардың, сауда-ойын сауық орталықтары мен халық көп шоғырланатын өзге де орындардың әзірге ашылмайтыны хабарланды. Сондай-ақ қоғамдық көліктер мен балабақшалардың жұмысы баяғыдай тоқтап тұрады.

Мектеп оқушылары мен студенттерді қашықтықтан оқыту жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмыс істейтінін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер ашылады