RU

Қызылорда облысында коронавирустан үш адам жазылып шықты

Бүгін, 18 сәуір күні Қызылорда облысында COVID-19 диагнозымен жатқан үш пациент жазылып шығарылады, деп хабарлайды NUR.KZ

Қызылорда облысында коронавирустан үш адам сауығып кетті
Фото: Қызылорда әкімдігі: Facebook

Сауығып шыққандардың арасындағы екеуі - Қармақшы ауданының, біреуі - Шиелі ауданының тұрғыны.

Науқастарды байланыста болған адамдар ретінде COVID -19-ға тексеру кезінде оларда вирус анықталып, диагноз қойылды.

Осыған байланысты, олар тиісті ем алды. Барлық емделушіден зертхана талдауы алынды. Талдаулар теріс нәтиже берді. Пациенттердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Олардың барлығы 14 күн бойы үйде аймақтық емханалардың бақылауында болады. Осылайша, өңірде сауығып кеткендердің саны бүгінгі күні 21 адамға жетті.

Бүгінгі таңда ең басты денсаулық кепілі карантин режимін және өзін-өзі оқшаулау туралы ұсынымдарды сақтау болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1853186-kyzylorda-oblysynda-koronavirustan-s-adam-zazylyp-sykty.html