Выйти
RU

Қоғамдық көлік қозғалысы қашан қалпына келеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қоғамдық көліктердің жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Инфекцияны жұқтыру қаупі жойылмағандықтан ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Қоғамдық көліктің жұмысы карантин соңына дейін тоқтатылды", – делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, аулаларда серуендеуге рұқсат берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекеттік комиссия тұрғындарға аула және балалар алаңдарында серуендеуге рұқсат беру мәселесін талқылады. Елорда тұрғындарына 27 сәуірден бастап аулаға шығуға рұқсат етілді.

Алайда, созылмалы ауруы бар және егде адамдар ерекше сақ болуы керек. Оларға аса қажеттілік туындамаған жағдайда далаға шығудан бас тарту ұсынылады, себебі бұл санаттағы азаматтар Covid-19 инфекциясын жұқтыруға аса бейім.

Тұрғындар сақтық шараларын қатаң сақтап, қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. Балалар алаңдарында қашықтықтың сақталуы шарт.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтанда 27 сәуірден бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындардың тізімін ұсынған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қоғамдық көлік қозғалысы қашан қалпына келеді