Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

725-ке жетті: Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам жазылып шықты

Опубликовано:

Елімізде коронавирус инфекциясынан емделіп шыққан азаматтардың саны артты. Республика бойынша бүгін қауіпті індеттен тағы бес адам айықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: China News Service / Contributor / Getty Images
Көрнекі фото: China News Service / Contributor / Getty Images: UGC

Қазақстанда COVID-19 вирусын еңсергендер саны 725 адамға жетті.

Еліміздің түрлі өңірінде тағы бес адам қауіпті инфекцияны жеңіп, ауруханадан шықты. Олардың екеуі Ақмола облысынан болса, қалған үшеуі Түркістан мен Маңғыстау облыстары және Алматы қаласынан екені анықталды.

Бүгінде коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар бойынша көш басында елорда тұр. Нұр-Сұлтанда бүгінге дейін қауіпті дертті 214 адам еңсерген. Екінші орында Қызылорда облысы келе жатыр. Бұл өңірде вирусты жеңген тұрғындардың саны 104 адамға жетті. Ал үшінші орын оңтүстік астанаға тиесілі. Алматыда індеттен 97 азамат жазылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, еліміз бойынша коронавирус жұқтырудың 2835 дерегі тіркелген. Қауіпті инфекция республикамыздың 25 азаматының өмірін қыршынан қиды.

Анықталғандай, вирусты жұқтырған науқастардың 30% медицина қызметкерлері болып шықты. Қазақстан бойынша коронавирусты 820 ақ халатты жұқтырып алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853200-725-ke-zetti-kazakstanda-koronavirustan-tagy-bes-adam-zazylyp-sykty/

pixel