Выйти
RU

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшу үшін коронавирус анықтамасы болу керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасында ұшу үшін жолаушыларға қандай шартты орындау керектігін мәлім етті. Анықталғандай, ұшақ бортына тек COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтамасы бар азаматтар ғана жіберіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе рейстері 1-мамыр күні ашылады. Бірінші кезеңге сәйкес, алдымен күніге төрт рейс жүзеге асырылатын болады.

Олардың екеуі - Air Astana рейстері болса, қалған екі рейсті Scat әуекомпаниясы іске асырады. Егер эпидемилогиялық жағдай жақсара түссе, рейстер саны одан бетер көбейе түспек.

Абаев әуекомпаниялар билеттер бағасын көтермейтінін мәлімдеді. Министр ұшу құны "аспанның жабылуына" дейінгідей болатынын хабарлады.

Жолаушылар арнайы эпидемиялогиялық ережелерді ұстануға міндеттеледі. Олардың толық тізімін еліміздің бас санитар дәрігері жариялайды. Алайда, басты шарттардың бірі белгілі болды.

Ұшақ жолаушылары міндетті түрде коронавируске тест тапсырып, COVID-19 жоқ екенін растайтын анықтаманы алу керек. Бұл құжаты болмаған азамат ұшақ бортына діберілмейді.

Оған қоса, ұшақта жолаушылар бетперде мен қолғап киіп отыру керек. Әуежайға кірерде олардың дене қызуын тексеріп, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Әуежай ғимараттары міндетті түрде дезинфекцияланып тұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында ұшу үшін коронавирус анықтамасы болу керек