Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үміт үзбеңіздер": Аймағамбетов мектеп бітіру кештеріне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештеріне қатысты пікір білдірді. Ол еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарса, мектеппен қоштасу шаралары өтуі мүмкін екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Асхат Аймағамбетов өткен жылдары мектептердегі соңғы қоңырау дәстүрлі түрде 25 мамыр күні болғанын хабарлады.

Алайда, биыл коронавирус пандемиясы салдарынан оқушылар соңғы тоқсанды қашықтықтан оқуға мәжбүр болып отыр. Бұл тұрғыда балалар білімін бағалау тәртібі де жаңадан қарастырылды. 9 бен 11 сынып оқушыларының ақтық емтихандары өтпейтін болды. Осы жылы аттестатқа жылдық бағалар қойылады деп шешілді.

Сонымен қатар, биыл мектеп бітіру кештерінің болмайтыны барша оқушылардың көңілін түсіргені анық.

Білім және ғылым министрі балалардың сезімін түсініп тұрғанын жеткізді.

«Мектеппен қоштасу рәсімінен бәріміз өткенбіз. Бұл әрьір оқушы үшін аса әсерлі сәт», - деді ол.

Министр маусым ортасына дейін еліміздегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, карантин алынса оқушыларға мектебі мен ұстаздарымен қоштасу мүмкіндігі берілетінін мәлімдеді.

Бұл жағдайда бірден бірнеше шара біріктірілетін болады. Оның ішіне соңғы қоңырау, аттестаттарды табыстау, мектеппен қоштасу, мектеп вальсі де кірмек.

"Үміт ізбеңіздер" , - деді Аймағамбетов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853211-mit-zbeizder-ajmagambetov-mektep-bitiru-kesterine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel