Выйти
RU

Қазақстанда ТЖ режимін бұзғаны үшін 16 мың адам ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда наурыз ортасынан бастап, 16 мыңнан астам адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың барлығы ТЖ режимін бұзған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Министрдің сөзінше, 16 000 адамның ішінен 12 000 астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, қалған 4000 тұрғынға қатысты сот шешімі шықпаған.

Бұл адамдардың барлығы ТЖ режимін бұзғаны үшін құрықталып жазаланған.

Оған қоса, қазіргі таңда полиция елімізде коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды іздестірумен де айналысуда. Анықталғандай, республика аумағында олардың саны 47 мыңнан астам болып шықты.

Денсаулық сақтау министрлігі 6 500 адамды іздестіріп табу үшін полиция қызметіне жүгінген болатын. Тәртіп сақшылары олардың барлығын дерлік анықтаған. Бүгінде жеті азаматты іздестіріп жатыр.

Еске ала кетейік, бұгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ТЖ режимін 11 мамырға дейін ұзартқан болатын.

Бірінші мамырдан бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасындағы әуе рейстері ашылады. Бірақ, жолаушылар ұшпас бұрын коронавируске тест тапсыру керек. Қолында қауіпті вирусты жұқтырмағанын растайтын анықтамасы жоқ болған жолаушы ұшақ бортына жіберілмейді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, аталмыш екі шаһармен қоса Шымкент тұрғындарына да аулада серуендеуге рұқсат берілді. Алайда, ол үшін адамдар қажетті сақтық шараларын ұстану қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда ТЖ режимін бұзғаны үшін 16 мың адам ұсталды