Выйти
RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын көбеюде. Соңғы деректер бойынша, жер жаһанында қауіпті дерт үш миллионнан астам адамнан анықталған. Оның екі жүз мыңнан астамы көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сүйенсек, 28 сәуір сағат 6.20-дағы жағдай бойынша, әлемде коронавирус инфекциясы 3 036 770 адамнан анықталды.

Жұқтырудың ең көп жағдайы Америка Құрама Штаттары аумағында тіркелген. Мұхиттың арғы жағында орналасқан елде 987 мыңнан астам адам қауіпті дертке шалдықты.

Ал жаңа вирустан әлемде 210 804 науқас көз жұмған. Коронавирус инфекциясымен күресіп жүрген дәрігерлер қазіргі уақытта тоғыз жүз мыңнан астам адамды емдеп, ауруханадан шығарғаны белгілі болды.

Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті індет 2860 адамнан анықталды. Вирусты жұқтырғандардың 725-сі медициналық мекемеден шықты. Ал 25 науқас коронавирус инфекциясы салдарынан қайтыс болған.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты