Выйти
RU

Путин коронавирусқа жол бермеу үшін қандай шаралар қолданып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің коронавирус инфекциясына жол бермеу үшін қандай шаралар колданып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Кремль сайты

Фото: Кремль сайты

Песковтың сөзінше, бірінші кезекте Ресейде барлық санитарлық нормалар сақталып жатыр. Ол Ресей президенті жеке байланыстарды қысқартқанын жеткізді деп жазады "Аргументы и Факты".

Айта кету керек, кездесулер толығымен алынып тасталмаған. Алайда президент пен әңгімелесуші арасындағы қашықтық сақталады.

Сонымен қатар, Песковтың өзі және кейбір әкімшілік қызметкерлері аптасына бірнеше рет коронавирус инфекциясына тест тапсыратынын жасырмады.

Ресей қазіргі уақытта қауіпті дертті жұқтырғандардың саны бойынша Қытайды басып оөып, әлемде тоғызыншы орында тұр.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Осыған дейін Алматыда 27 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмыс істей бастайтынын хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, сарапшы мамандар оңтүстік астанадағы карантинді маусым соңында жеңілдетуге кеңес берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Путин коронавирусқа жол бермеу үшін қандай шаралар қолданып жатыр