Выйти
RU

Вице-министр Бұйрабекова вирус жұқтырған ақ халаттылар жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана денсаулық сақтау вице-министрі боп тағайындалған Людмила Бұйрабекова елде 800-ден астам ақ халатты коронавирус инфекциясын қалай жұқтырғанын айтты. Бұйрабекованың айтуынша, мұның себебі медицина саласының қызметкерлері вирус жұғуының жоғары деңгейін жете бағаламағаннан болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұйрабекова ауру жұқтырған ақ халаттылар жайлы айтты

Фото: pixabay.com

Елімізде коронавирустың дәрігерлер мен аурухана қызметкерлерінің арасында от алуы жайлы жазба вице-министрдің Facebook парақшасында пайда болды.

Бұйрабекова министрліктің бұл жағдайға байланысты алаңдаулы екенін және медицина қызметкерлерін қауіпті инфекциядан қорғау үшін күш салынғанын жеткізді. Вице-министр әлем бойынша ауру жұқтырғандардың 16%-ы ақ халаттылар екені жайлы ДДСҰ-ның деректерінен мысал келтірді.

"Медицина қызметкерлерінің COVID-19 жұқтыру жағдайлары Ақтөбе облысын қоспағанда, республикамыздың 16 аймағында орын алды. Ауру жұқтырған медицина қызметкерлерінің жоғары үлесі салмағы келесі өңірлерде тіркелген: Алматы (54,4%), Нұр-Сұлтан (32,5%), Шымкент (16,0%), Солтүстік Қазақстан (50,0%), Алматы облысы (28,8%), Қарағанды облысы (27,5%), Түркістан облысы (22,4%) және Атырау облысы (18,5%)",– делінген жазбада.

Бұйрабекованың айтуынша, ауру жұқтырған медицина қызметкерлерінің 66%-ы, яғни 473 адамның инфекция жұқтырған науқастарды емдеу мен бақылауға қатысы жоқ екен. Маман осындай ауру жұқтырудың үлкен бөлігі Алматыдағы орталық ауруханада орын алатынын жасырмады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Оның айтуынша, ауруханада коронавирустың өршуіне қатысты тергеу қазір соңғы кезеңдеріне таяп қалған. Денсаулық сақтау министрлігі тергеу аяқталғаннан кейін Бас прокуратурамен бірге болған оқиғаға кімнің жауап беретінін анықтайды.

Сонымен қатар вице-министр дәрігерлер жұмыстан тыс уақытта, үйде вирус жұқтырып, содан өзі білмей, әріптестерінің арасында инфекцияны тарату жағдайлары болғанын атап өтті.

"Жалпы, медицина қызметкерлерінің арасындағы ауруды талдау біздің медициналық қызметкерлеріміздің көпшілігі коронавирустың жоғары жұқпалы қабілетін жете бағаламағанын көрсетті, сонымен қатар, инфекция жұқтырған қаншама науқасқа ұзақ уақыт әсер етуі мен вирустың биологиялық сипаттамалары халыққа қарағанда медициналық қызметкерлердің ауру жұқтыру қаупін жоғарылатады",– деді вице-министр.

Дәрігерлерге үндеу айтқан Бұйрабекова қорғаныс костюмін киіп қана қоймай, оны шешкен кездегі әрекеттердің дұрыс алгоритмін сақтау өте маңызды екенін айтты. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары сонымен қатар, 10 сәуірден бастап 22 мың медицина қызметкері коронавирусқа тексерілгенін хабарлады. Бұл тексеруден өтуге жоспарланған дәрігерлердің жалпы санының 69%-ын құрайды.

Оның айтуынша, ДДСҰ тек аурудың белгілері бар жұмысшыларды тексеруден өткізуге кеңес берсе де, министрлік барлық қызметкерлерді тексеруді жалғастырады.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

"Қорытындылай келе, мен тағы да медициналық қызметкерлеріне айтқым келеді. Біз әр жерде проблемалық мәселелер бар екенін түсінеміз және әрбір жағдай біздің бақылауымызда, сондықтан инфекцияның әр жағдайы үшін тиісті қорытынды жасалып, шаралар қабылданады",– деді Бұйрабекова.

Бұйрабекова дәрігерлерге вирусқа қарсы күресуде батылдық, түзімділік пен күш-жігер тіледі, сонымен бірге қазір барлық медицина қызметкерлері отан үшін, өз елі, өз халқы үшін аянбау керек екенін атап өтті.

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күн сайын көбеюде. Соңғы деректер бойынша, жер жаһанында қауіпті дерт 3 миллионнан астам адамнан анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вице-министр Бұйрабекова вирус жұқтырған ақ халаттылар жайлы айтты