Выйти
RU

Ағасының коронавирустан көз жұмғанына сенбеген тұрғынға министрлік жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының тұрғыны Ләззат Дүйсембекова ағасының коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанына сенбейді. Ол жарты жылдан бері бауыр циррозына шалдыққан бауыры медициналық мекемеге түсіп, одан бірден СOVID-19 вирусы табылғанын айтты. Алайда марқұмның туыстары сараптама қорытындысын көрмегендіктен, көңілдеріне күдік ұялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК

Видеодан кадр/КТК

Ләззат Дүйсембекова ағасының ажалы коронавирус індетінен келеді деген ой төрт ұйықтаса түсіне кірмегенін жеткізді. Оның сөзінше, жарты жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 58 жастағы бауырының қан қысымы төмен түсіп, туыстары бір апта бұрын жедел жәрдемге қоңырау шалған.

"Тез болып кетті. Анализ тапсыртқызып, "коронавирус" деп тез анықтап, тез жұқпалы ауруханаға ауыстырды. Соның бәрі көкейіме күдік тудырды. Сап-сау болып, коронавирус белгілері анықталса түсінер едім. Бірақ бұл өзі бауырымен әлек болып жүрген адам. Тест қорытындысын да көрмедік. 24 күні таңғы сегізде қайтыс болғанын естідік", - марқұмның қарындасы.

Өкініштен өзегі өртенген әйел ет жақыны коронавирус инфекциясынан көз жұмғанына сенбейді.

Сол себепті ағасы мен туыстары дәстүр бойынша қоштасып, дұрыстап жер қойнына тапсыру керек едік деп күйінеді.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Дүйсекбекова СOVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың көрсеткішін қолдан көбейту – барып тұрған бассыздық екенін білдірді.

Телеарна мәліметінше, "ажалы басқа аурудан келсе де, коронавирус құрбаны деп жазады" деген әңгіме әлеуметтік желіде таралып кеткен.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство өкілдері өліммен аяқталатын оқиғаларды арнайы комиссия зерттейтіндіктен, ондай жағдайға жол бермейтіндерін жеткізген.

"Комиссия шешімімен, азамат, өкінішке қарай, көз жұмса, ол неден көз жұмды, бойында коронавирус індеті болды ма, әлде басқа аурулар болды ма, қан қысымы, диабеттен көз жұмды ма, осының бәрін зерттейді. Арнайы протоколмен шешім шығарады. Коронавирус індетінен қайтыс болса, коронавирус деп жазылады", - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Ведомство қауіпті дертті жұқтырған кез келген науқас мүлдем басқа аурудың диагнозымен көз жұмуы мүмкін екенін жасырған жоқ. Осыған қарамастан, қанында вирусы бар марқұм арнайы полигонға жерленетіні белгілі болды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ағасының коронавирустан көз жұмғанына сенбеген тұрғынға министрлік жауап берді