Выйти
RU

Талдықорғанда полицейден қашқан әкесі мен қызының көлігі аударылып қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полиция санитарлық бекеттің талабын орындамай, қиып өткен автокөліктің ізіне түсті. Бекетке тоқтамай өтіп кеткен жүргізуші жол-көлік оқиғасына ұшырады. Оның үстіне көлік ішінде болған жүргізуші мен бала хабар-ошарсыз жоғалғандар тізімінде бар көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Әкесі мен қызы полицейден қашып, көлік аударылды

Фото: polisia.kz

Келеңсіз оқиға екі күн бұрын, 26 сәуір күні Талдықорған қаласында орын алған.

Порталдың дерегіне сүйенсек, Lexus маркалық көлік полицейлердің тоқтау талабына қарамастан, санитарлық бекетті қиып өткен. Тәртіп сақшылары дереу бұзақының соңына түседі.

Нәтижесінде полицейлерден жасырынбақ болған жүргізуші көлікті басқара алмай, көлік аударылады.

Ережені бұзған 27 жастағы жүргізушінің мас болғаны анықталды. Оның үстіне ЖКО кезінде көлік ішінде болған әкесі мен қызы хабар-ошарсыз жоғалғандар тізімінен табылды. Қаңтар айының ортасында жүргізушінің жұбайы жақындарына іздеу салып, полицияға арыз жазған.

Жол-көлік оқиғасынан кейін ер адам мен оның қызы ауруханаға жеткізілді, ал автокөлік арнайы тұраққа жіберілді.

Жүргізуші ауруханадан жазылып, шыққан соң, оған әкімшілік кодекстің бірнеше бабы және қылмыстық кодекстің бір бабы бойынша айып тағылады. Осылайша, ер адам билік өкіліне бағынбағаны үшін жазаға тартылуы мүмкін. Одан бөлек, ол ТЖ режимін бұзғаны үшін, мас күйінде көлік тізгіндеп, денсаулыққа зиян келтірер ЖКО-ға жол бергені үшін жауапқа тартылады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда наурыз ортасынан бастап, ТЖ режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам адам ұсталғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Талдықорғанда полицейден қашқан әкесі мен қызының көлігі аударылып қалды