Выйти
RU

Бурабайда үш жыл бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

1999 жылы туған Руслан Дүйсенбаев 2017 жылдың сәуір айының соңында жоғалып кеткен болатын. Араға үш жыл салып, оның денесі Бурабайдан табылып отыр. Мәйіттің кімге тиесілі екенін анықтау үшін ДНҚ сараптамасы қажет болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Lider KZ"/sputniknews.kz

Фото: "Lider KZ"/sputniknews.kz

Ақмола облысы ПД-ның ақпаратынша, жігіт осыдан үш жыл бұрын үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Полицияға оның жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлап, оқиғаға қатысты іздестіру ісі қозғалған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәртіп сақшылары жас жігітті Бурабай ауданынан іздестірген. Полицейлер оның таныстарымен сөйлесіп, оқиғаның анық-қанығын анықтауға кіріседі.

Олармен бірге Русланды іздестіруге еріктілер тобы да қосылған.

"Lider kz" еріктілер ұйымының координаторы Олеся Баимованың айтуынша, 2,5 жыл бұрын оларға жоғалып кеткен жігіттің досы жүгініп, оны іздестіруге көмектесуді сұраған.

Ол Русланның жоғалып кеткен күні велосипедпен жүргенін айтты. Алайда, оның қайда кеткені белгісіз болыпты.

Русланның әкесі Көкшетауда тұрады. Ал ол өзі Шучинскте достарымен бірге тұрып жатқан. Жас жігіт сол жерде колледжде білім алған.

Жоғалып кеткен жігіттің таныстары оны тек жақсы жағынан танитынын айтты. Олар Русланды өте ақкөңіл және жарқын адам ретінде сипаттады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Олеся Баимова іздестіру барысында оның тірі екеніне үміті зор болғанын жеткізді. Себебі, Русланды түрлі жерлерде көргені туралы мәліметтер көптеп шыға бастаған.

Еріктілер тобына астаналық тұрғын хабарласып, жігітті көшеден көргенін айтқан. Ол Русланды күлкісінен танып қойғанын алға тартты.

Алайда, үш жыл бұрын жоғалып кеткен жас жігіт тірі табылмады. Оның мәйітін 15 сәуір күні Бурабайдан тауып алған.

Оны анықтаған жергілікті тұрғын бірден полицияға хабар берген. Марқұмның Руслан екенін анықтау мақсатында оның әкесі шақыртылған. Ол ұлын таныды.

Содан кейін жігіттің денесі ДНҚ сараптамасына жіберіліп, мәйіттің Русланға тиесілі екені расталды.

Қазіргі таңда, өз-өзіне қол салу фактісі қарастырылып жатыр. Іс суицидке итермелеу бабы бойынша тергелуде. Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бурабайда үш жыл бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды