Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пентагон НЛО түсірілген видеоны жария етті

Опубликовано:

АҚШ қорғаныс министрлігі беймәлім ұшатын нысан бейнеленген үш бірдей қысқа видеоролик жариялады. Пентагонда видеоның түпнұсқалық фактісі расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.

Пентагон НЛО түсірілген видео жариялады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Видеодағы нысандар инфрақызыл сенсорлардың көмегімен анықталғаны айтылған. Олар ауа кеңістігінде үлкен жылдамдықта қозғалған.

Америкалық арнаның сайты ерекше құбылыстың куәсі болған операторлардың сол сәттегі реакциясы да видеоға жазылғанын хабарлады. Олар нысанның қозғалу жылдамдығын көріп, таңғалыпты. Олардың бірі нысанның қандай да бір дрон болуы мүмкін емес екенін алға тартты.

Ведомство видеолардың әртүрлі уақытта түсірілгенін айтты. Бірінші кадр 2004 жылы күз кезінде түсірілсе, қалған екеуі 2015 жылдың қаңтарында түсірілген.

2007 және 2017 жылдары видеолар ғаламтор желісіне шығып кетті. Пентагон бас кезінде жарияқылуға еш рұқсат бермеген.

Америка әскери-теңіз күштерінің ресми түсіндірмесіне сәйкес, олар бірнеше жылдар бойы түсірілген видео туралы алдын ала болжамдарды тоқтату үшін бұл бейнелерді ашық түрде жариялауды ұйғарған, өйткені беймәлім ұшатын нысан туралы алғашқы жаңалықтардан кейін көптеген паранормальды теориялар айтылды.

Сонымен қатар, сарапшылар бұл бейнероликтердің құпиялығын жария ету фактісі АҚШ әскери техникасының қандай мүмкіндіктері бар екені туралы ешқандай мәлімет бермейді.

Пентагон жердің әуе кеңістігінде беймәлім ұшатын нысандардың бары жайында өлшеусіз көптеген ақпаратты құпия файл түрінде сақтайды деп саналады. Ықтимал авиациялық қатерлерді бақылауға арналған арнайы бағдарлама аясында осы жағдайлар анықталып, зерттелді, бірақ оны қаржыландыру 2012 жылы қысқартылды.

Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1853280-pentagon-nlo-tsirilgen-videony-zaria-etti/

pixel