Выйти
RU

Нұр-Сұлтан - Алматы рейсі ашылады: Жолаушылар қандай ережені білуі тиіс

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан-Алматы арасындағы әуе рейстері қайта жанданғаннан кейінгі негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай, Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе рейстері 1-мамыр күні ашылады. Бірінші кезеңге сәйкес, алдымен күніге төрт рейс жүзеге асырылатын болады.

Осыған орай Байғабылов ішкі әуе рейстерінде санитарлық карантиндік бақылауды күшейту туралы тиісті қаулы қабылдады.

Ол Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында мынадай негізгі талаптар анықталғанын атап өтті.

  • Жолаушыларда COVID-19 жұқтырмағаны туралы анықтама болуы тиіс.
Инкубациялық кезеңнің орташа мәнін ескергенде анықтаманың жарамдылық мерзімі ол берілген күннен бастап 7 күнтізбелік датаны құрайды.
  • Жолаушылар әуежай ғимаратына, ұшу алаңына және әуе кемесінің бортына тек маскамен ғана жіберіледі.
  • Әуе кемесіне тіркелу, отыру және түсу кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз арақашықтық (1 метр) сақталуын қамтамасыз ету қажет.
  • Ұшақ бортында қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін қатардағы бір орындық бос қалдырылып, жолаушылар отырғызылады.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігердің айтуынша, сала мамандары ұшу аумағында және ұшақ бортына отырғызу кезінде барлық жолаушылардың және экипаж мүшелерінің дене қызуын өлшейді. Одан бөлек, ұшақ бортында, әуежай терминалында залалсыздандыру режимін сақтау бойынша қатаң талаптар айқындалғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Мониторинг барысында мұнан ары жолаушыларда COVID-19 ауруы тіркелмеген жағдайда талаптарды жеңілдету мәселесі қарастырылады.

Байғабылов санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Қазақстанның өзге қалаларына, оның ішінде халықтаралық әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен қарастырып жатқанын мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан - Алматы рейсі ашылады: Жолаушылар қандай ережені білуі тиіс