Выйти
RU

Трамп коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдан қыруар қаржы талап етпек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка Құрама Штаттарының билігі коронавирус инфекцияның таралуы туралы заң жобасын дайындауға ниетті. Бұл туралы Америка президенті Дональд Трамп мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Баспасөз конференция барысында Трамптан билік Германия сияқты коронавирус үшін Қытайға есепшот қоя ма деп сұрады.

ТАСС мәліметінше, Германия аспан асты елінен қаржылық талаппен 130 миллиард доллар сұрады деген болжам бар.

Бұған жауап ретінде Трамп АҚШ пен Германия қазіргі уақытта бұл жағдайды зерттеп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Америкада одан да көп ақша туралы әңгіме жүріп жатыр.

Алайда АҚШ президенті нақты соманы атаған жоқ. Одан бөлек, Трамп коронавирустың жаппай таралуына байланысты тағы да Қытайды айыптады.

Соңғы деректерге сүйенсек, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 3 миллионнан асты. Оның екі жүз мыңға жуығы аталған дерттен көз жұмса, бір миллиондай науқас айығып, ауруханадан шықты.

Ал Қазақстанда қауіпті індет 2950 адамнан анықталды.

Еске сала кетсек, осыған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі беймәлім ұшатын нысан бейнеленген үш бірдей қысқа видеоролик жариялағанын жазған болатынбыз. Пентагонда видеоның түпнұсқалық фактісі расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Трамп коронавирустың өршуіне байланысты Қытайдан қыруар қаржы талап етпек