Выйти
RU

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген казино әшкере болды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР ҰҚК және Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы бөлімшесін тарту арқылы оңтүстік астанада наурыз айынан бері Төтенше жағдай кезеңінде жұмыс істеген казиноның заңсыз қызметінің жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген казино табылды (видео)

Фото: ҰҚК

Жедел-тергеу шаралары 24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні өтті. Қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта азартты ойындарға қатысқаны үшін 30 шақты келуші мен қызметкер ұсталды.

"Жер астындағы казиноға бару үшін арнайы кіру жүйесі жұмыс істеген. Тұрақты клиенттер сол арқылы кіріп отырған. 1000 шаршы метр аумақты тінту шаралары барысында покер мен америкалық рулеткаға арналған 6 ойын үстелі, көптеген ойын картасы мен фишкалар, сондай-ақ заңсыз қызметтің бір күні үшін берілген ауқымды көлемдегі қаражат табылды",- деді ҚР ҰҚК.

Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандарға қатысты ТЖ режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Айта кетейік, Алматыда карантинге қарамай жұмысын жалғастырған караоке-бар мен түнгі клуб әшкере болды. Көңіл көтеру орындары Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан. Полиция мәліметінше, тәртіпке бағынбағандардың арасында туған күнін атап өткендер мен көптен бері кездеспегендер болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген казино әшкере болды (видео)