Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат аяқ киімдерін көрсеткен Әлішер Кәрімов қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов көпшілікке аяқ киім үлгілерін көрсетіп мақтанды. Карантинде үйінен шықпай жатқан өнер иесі бағалы дизайнерлік аяқ киімдерін ел назарына ұсынып, желіде қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шоу-бизнесте өзіндік стилімен ерекшеленетін Әлішер Кәрімов қайталанбас сахналық образдарын толықтырып тұратын аяқ киімдерін көрсетті. Эстрада жұлдызының аяқ киімдерін арнайы видеоға түсіріп, оны Instagram парақшасында жариялаған.

Бейнежазбадан өнер иесінің талғамы алуан түрлі екенін аңғаруға болады. Әншінің аяқ киімдерінің барлығы бір-біріне ұқсамайды. Оған қоса, Кәрімовтың тек дизайнерлік заттарға құмар екені қалың көпшілікке мәлім. Соған байланысты желідегілер видеодағы аяқ киімдердің аса қымбат тұратынын болжады.

"Сөз жоқ, аяқ киіміңіз көп екен" , "Бәрі жылтыраған, қымбат та шығар шамасы" , "Әлішер стиліңізге тәнтімін. Бәрі алуан түрлі әрі ерекше екен" , "Бәрін киім шығып, шаршаған шығарсыз" , "Аяқ киімдердің барлығы дизайнерлік болуы керек" , "Қазақстандағы ең сәнді әртіс өзіңіз шығар" , "Талғамыңыз керемет, мұндай аяқ киімдер кез келген образдың сәнін келтіреді" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов Айжан Нұрмағамбетованың көйлегін киіп билеймін деп желіде сынға ұшыраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1853320-kymbat-aak-kiimderin-krsetken-liser-krimov-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel