Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда карантинде саяжайға бару үшін қандай құжаттар керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары астаналықтарға карантин уақытында саяжайға бару үшін қандай қағаз қажет екенін айтты. Тұрғындарда аталған телімнің құжаттары болуы тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда карантинде саяжайға бару үшін қандай құжаттар керек

Көрнекі фото: NUR.KZ

Cаяжайға рұқсат 27 сәуірден бастап күшіне енеді - астаналықтар Нұр-Сұлтанда карантин аумағының ішінде орналасқан өз телімдеріне бара алады. Қалалықтарға саяжайға таңғы сағат 06:00- ден кешкі 20:00-ге дейін жеке көлігімен қатынауға рұқсат. Ал қоғамдық көлік карантин аяқталғанша жүрмейді.

Одан бөлек, саяжай иесінде тиісті құжаттар- бау-бақша серіктестігіне мүшелігі туралы мөрі бар кітап және учаскенің мақсатты тағайындалуымен мемлекеттік актінің көшірмесі болуы тиіс. Коронавирус жұқтырудың тәуекел тобына жататындықтан, 65 жастан асқан адамдарға саяжайға бармауға кеңес беріледі. Сондай-ақ, балалар да ересектерсіз саяжайда бола алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан-Алматы арасындағы әуе рейстері қайта жанданғаннан кейінгі негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды айтып берді. Белгілі болғандай, Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе рейстері 1 мамыр күні ашылады. Бірінші кезеңге сәйкес, алдымен күніге төрт рейс жүзеге асырылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда карантинде саяжайға бару үшін қандай құжаттар керек